Қазақстанның оңтүстігіндегі электр қуатының сөну себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр қуатының өшірілу себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Энергетика вице-министрінің басшылығымен «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электрмен жабдықтауда іркіліске әкеп соқтырған технологиялық бұзылыстың туындауының және дамуының себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды», – делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша алдағы уақытта мұндай технологиялық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар әзірленетіні атап өтілді.

Қаңтардың 25-і күні Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы мен Шымкентте төтенше жағдайда электр қуаты сөндірілді. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлеріндегі тұтынушыларға электр қуатын беру қалпына келтірілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...