Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанда утильдік алым жинау уақытша тоқтатылды

Танымал

Ел аузында

«Жасыл Даму» АҚ «Опепатор РОП» ЖШС қатысты тексерулерге байланысты кәдеге жарату алымдарын қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жасыл Даму» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, құзыретті органдардың «Оператор РОП» ЖШС-ға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуіне, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру бойынша функцияларды бұрынғы оператордан «Жасыл Даму» басқармасына беру процесінің аяқталмауына байланысты мынадай қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылды:

  • кәдеге жарату төлемдерін қабылдау;
  • ЭТЖ/ВЭССХТ қабылдау;
  • ескі техниканы кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін өтемақы төлеу;
  • қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және қайта өңдеушілерді субсидиялау;
  • Экологиялық кодексте көзделген басқа да түрлер.

«Өз тарапымыздан барлық ұйымдастырушылық және заңдық үдерістер аяқталғаннан кейін, «Жасыл Даму» АҚ серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық қолжеткізгеннен кейін барлық міндеттемелер орындалатынына сендіреміз. Мұны қазір бізге байланысты емес себептер бойынша жасау мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...