Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болды

Танымал

Ел аузында

Орталық сайлау комиссиясы мәжілісте босаған депутаттық мандатты Ерлан Қошановқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», – делінген ОСК қаулысында.

Айта кетері, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені белгілі болды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені мәжіліс қарауына енгізді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...