Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Шешімді мен қабылдамаймын!»: Айнұр Серғазиеваның қызметіне қатысты пікірлер әлі қызу талқылануда

Танымал

Ел аузында

Мемлекеттік істер агентігінде орынбасарлық қызметке тағайындалған Айнұр Серғазиеваға байланысты дау әлі де басылмады. Қазақстандықтар қарапайым өмірін сынға алған 30 жастағы шенеунік бұл қызметке президенттік резерв мүшелері арқылы келгенін мәлімдеген болатын. Алайда мемлекеттік резервтегілер бұл деректерді жоққа шығарды, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Бұл бос жұмыс орыны туралы бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Айнұр Серғазиева ПЖКР-дің мүшесі емес. Бұл қызметке үміткерлерді іріктеу мен тағайындау жабық түрде өткізілген. Бұған дейін ПЖКР мүшелерін мемлекеттік қызметке алу механизмі болмаған”, – деді Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Сұлтан Түндікпаев. 

Айнұр Серғазиеваның сән-салтанат пен саяхатқа деген сүйіспеншілігін көрсететін желідегі суреттері көпшіліктің назарына түскен болатын. Осы бір сындардан кейін оның парақшасындағы кейбір суреттер өшірілген. Алайда ол –  “Зерде” ұлттық холдингінде бірінші рет 5 жыл ішінде қарапайым менеджерден басшылық орынбасарына дейін көтерілген қызметкер. Бұл жөнінде департамент тарапынан түсініктеме болған жоқ. Тек төрағаның жаңа орынбасарының салтанатты өмірінің ол қызметке  дейін болғанын айтты.

Серғазиева сыни пікірлерге қатысты үйінің ипотекада екенін, ата-анасының зейнеткер екенін айтып, өз күшімен жеткенін түсіндірген болатын. 

“Мен қазір мемлекеттік қызметке тағайындалғандықтан жеке тұлға ретінде көпшілікке өзім туралы айту шешімін қабылдай алмаймын. Бізде оған жауап беретін баспасөз қызметі бар. Олар келіссе, олардың айтқан бағыты бойынша барынша жауап беремін, келіспесе сұхбат бере алмаймын. Шешімді мен қабылдамаймын”, – деді Серғазиева. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...