Айқын Төлепберген отбасымен АҚШ-қа аттанды

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге АҚШ-қа аттанды.

Танымал

Ел аузында

Отбасы Америкада бір жағынан демалып, бір жағынан Айқын концерт қойып келмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қосып, Kazakh Party ұйымдастырмақ. Кеш 9 ақпан күні Маямиде, 13 ақпан – Лос-Анджелесте, 15 ақпан – Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл мерейлі жасқа келетін Төлепберген туған күнін осында өткізбекші. 

«Негізі АҚШ-қа демалысқа бара жатырмыз. Бірақ, біз демалыс пен жұмысты қатар ұстайтын жандардың біріміз! Оның үстіне 10 ақпанда юбилейім бар», – деп бөлісті Айқын. 

Айта кетейік , төрт баланың әкесі Айқын Төлепберген биыл 40 жасқа толады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...