Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Ақша аудару ойымда жоқ»: Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қорын сынға алды

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында еліміз «Қазақстан халқына» қоры құрылды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің қолдауымен аталмыш қорға 100 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Десе де Тоқаев қорға қаржы аудармай жатқан кәсіпкерлердің барын ашып айтқан еді. 28 қаңтарда Алматыда өткен кездесуде ол қорға әлі ақша аудармаған бай-бағландарды сынға алған. Мемлекет басшысы олардың бұл әрекетін ашкөздік пен селқостық деп бағалаған еді. Алайда танымал бизнесмен Марғұлан Сейсембай бұл сөздермен келіспейді. Қорға ақша аудару ойымда жоқ деген ол Stan.kz тілшісіне бұл шешімінің себебін айтып берді.

Бұрынғы биліктің тұсында байымағанын айтқан Сейсембай “үкімет көмек көрсетудің орнына бүкіл байлығымды тартып алды” дейді. Бұған қоса ол қор ақша аудармай-ақ халыққа жәрдемдесіп жүргенін алға тартты. 

«Бұл қорға ақша аудару ойымда жоқ, өйткені бұрынғы биліктің тұсында байығаным шамалы. Керісінше, бұрынғы үкімет менің бүкіл байлығымды тартып алды. Ал өзімнің халқыма зекет, садақа, қайырымдылық пен білім жүйесі арқылы жеке көмектесемін», –  дейді кәсіпкер.

Марғұлан Сейсембай «Қазақстан халқына» қорының түпкі мақсаты мүлдем басқа екенін айтады.

«Менің ойымша, бұл қор бай-бағландардың бұрынғы билік тұсында жинаған байлықты халық алдында заңдастырудың бір жолы үшін ғана құрылған», –  деп түсіндірді ол.

“Қор экономикалық мәселелерді тиімді шешуге көмектесе ме?” деген сұраққа кәсіпкердің жауабы мынадай болды.

«Қор қаншалықты үлкен болса да, ол қазіргі қоғамдағы мәселелердің жарты бөлігін ғана шешуге көмектеседі. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттің өзі шеше алмаған мәселелерден халықты ешқандай қор құтқара алмайды. Мұндай түбі тесік қорларды құрудың орнына, мемлекет пен бюджетте тәртіпті қалпына келтіру маңызды. Ал мұның барлығы саяси реформалар жүргізілгенде ғана мүмкін болады. Басқа жол жоқ», – деп түйіндеді Сейсембай.

Бұған дейін “Қазақстан халқы” қорынан тиісті көмекті қалай алуға болатыны туралы жазылған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...