«Жемқорлық жайлаған сала». Президент медициналық техниканы сатып алу туралы

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық техника сатып алуда сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге тоқталды. Президент медициналық техниканы сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет екенін айтты.

«Бұл – үлкен мәселе. Өйткені бұл салада сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейде болып отыр. Өңірлер жабдықтың есебі мен бағасын тұрақты түрде көтеріп отырады, оның қызметіне де көп ақша жұмсалады. Сондықтан Үкіметке медициналық техниканы «СҚ-Фармация» базасы арқылы орталықтандырылған сатып алу жүйесіне көшіруді тапсырамын», – деді Президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...