Ол ұлына бауыр тауып беру үшін бала асырап алуға қарсы емес. Әнші жуырда сәбилі болған інісіне қолқа салып үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алайда інісі баласын беруден бас тартыпты.
«Бізге беріңіз, күштілеп бағып береміз, жақсының бәрі болады балада» деп мен бастадым, Олжас та: «Жер үйден гөрі квартира жақсы, жылы, шомылдыратын судың өзі минералды, бізде жақсы болады бөпеде», – деді. Әнуар да: «Үйдегі үшеу сияқты мен шұқымаймын баланы, түртпеймін, ауладағы площадкаға өзім қыдыртамын» деп жалынды. Қысқасы, бермеді бізге баланы. Не дейміз, жарайды. Бауы берік болсын! Кіші інім үшінші рет әке атанды, Садуақасов Тимур деген батыр дүниеге келді! Құтты болсын, жұғысты болсын», – деп бөлісті Мәдина.
Әріптестері әншінің тағы да сәбилі болуын тіледі.
«Мадикош үмітті үзбейміз, бұйырса өзің сияқты сұп-сұлу қыздың маматайы болуың керек. Алла бұйырсын», – деп тілегін арнады Қарақат Әбілдина.
«Жұғысты болсын!» – деді Тамара Асар.
«Қандай жарасымды», – деп тамсанды Жазира Байырбекова.