Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Қазақстандық аз қамтылған отбасылардың коммуналдық төлемдерін өтеуге көмектеседі

Танымал

Ел аузында

Мұқтаж санатындағы қазақстандықтарға билік коммуналдық төлемдерді өтеп беруге көмектеседі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге мұның қалай жүзеге асатыны белгісіз. Жобаны енді ғана әзірлеуде. Еріктілер болса бұл көмектің қазақстандықтардың көпшілігіне қажет екеніне сенімді екендерін айтады.

Әйгерім Асанованың бес баласы бар. Ең кішісі төрт жастағы балаларына бұрынғы күйеуі алимент төлемейді. Бұл отбасыға әлеуметтік көмек те берілмейді. Алты адамнан тұратын отбасының табысы 60 мың теңгеден сәл ғана асып жығылады. Алайда оның көп бөлігі жалдамалы пәтер үшін берілсе, қалғаны коммуналдық қызметтердің еншісінде кетеді.

«Барлығы 50-55 мың теңге жұмсаймыз. Коммуналдық төлемдер қыста қымбат болады – 15-18 мың теңге. Ең қымбаты электр жарығы үшін төлейміз – 10 мың теңге. Әрине егер мемлекет осы қызметтердің ең болмағанда жартысын төлеуге көмектессе, бізге үлкен көмек болар еді», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әйгерім Асанова.

Премьер-министр қазақстандық мұқтаж отбаcыларын бөлек санатқа жатқызып, оларға коммуналдық төлемдер үшін жеңілдіктер бөлінетінін айтқан. Гүзәл Әуелбекованың айтуынша, мұндай отбасылар өте көп. Оның қоры мұндай отбасыларға киім-кешек пен азық-түлік алумен көмектеседі, бірақ еріктілерден коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жиі көмек сұрайтындар да бар. Сонымен қатар қарыздар айлап жиналып қалады, азық-түлік те алу керек, дейді Әуелбекова.

«Жылыжайды жалдап тұратын отбасы болды. Отбасыда жеті бірдей бала бар, олардың үшеуі мүгедек, ал біреуі рак ауруына шалдыққан. Олардың газ төлемі үшін қарыздары жиналып қалған, 117 мың теңге, олар оны төлей алмаған», – дейді «Ана жолы» қорының басшысы Гүзәл Әуелбекова.

Қызмет көрсетушілердің сөзінше, тұрмысы төмен отбасылардың басым бөлігі қарыз болып қалмас үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге тырысады. Өйткені, қақаған қыста газсыз, жарықсыз қалуды, тіпті қарызға белшесінен батып көшеде қалуды ешкім қаламайды. Ал борышкерлердің арасында ауқатты адамдар да жиі кездесетін көрінеді.

«Бізде қаңтар айының көрсеткіші бойынша – 392 млн теңге қарыз бар. Зейнеткерлер бәрін төлейді, ал бизнесмендер төлемдерін кешіктіреді. Үйлері үлкен, кейде үлкен дебиторлық қарызы бар тұрғындар да бар, біз қазір оларды электр қуатынан ажыратып жатырмыз», – деп түсіндіреді «Энергопоток» ЖШС жетекші инженері Ербол Балқыбеков.

Дегенмен, тұрмысы төмен отбасылар коммуналдық төлемдерді төлеп, өздері нан мен сусыз қалады, дейді еріктілер. Ең бастысы, қарапайым халықтың салықтарын байлар мен бейқамдардың қарызына кетудің алдын алу маңызды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...