Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстанда банкроттыққа ұшыраған азаматтарды мемлекеттік қызметтен шектеу ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Банкрот болған жеке тұлғаларды жекелеген қызмет түрлері бойынша шектеу мәселесі туралы Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Сұлтанғазиев банкрот деп танылғаннан кейін белгілі бір қызметпен айналысуға шектеу қою туралы ұсыныс бастапқыда заң жобасының алғашқы нұсқаларында талқыланғанын, бірақ содан кейін ол алынып тасталғанын айтты.

“Бастапқыда заң жобасында біз оны талқыладық, жеке салалар бойынша шектеу жайлы ұсыныстар болды, мысалы, нотариустар немесе адвокаттар, заңды тұлғаларды құру. Соңғы заң жобасында мұндай шектеулер жоқ, өйткені біз бұл заңды адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп, белсенді экономикалық өмірді бастай алатындай етіп жасаймыз. Сондықтан ешқандай шектеулер қоймаймыз. Сонымен бірге, жекелеген сарапшылардың мемлекеттік қызметпен айналысуды, банкрот деп танылған адамдар үшін қаржы институттарының жекелеген лауазымдарын шектеу туралы ұсыныстары бар. Бұл әлі талқыланатын болады”, – деді Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, оның сөзінше, жеке тұлғаны банкрот деп жариялау процесі алты айға дейінгі мерзімге созылады дейді.

“Егер сот тәртібімен мерзімдер белгіленсе, онда алты айға дейін, өйткені бұл оның мүлкін анықтаумен байланысты және 5 млн теңгеден асатын қарыз сомасымен байланысты, яғни 1600 АЕК. Сондықтан жарты жылға дейінгі мерзімде. Ерекше жағдайларда, егер қандай да бір сұраулар немесе мүлік бір жерде анықталса немесе жаңа несие берушілер пайда болса, онда бұл мерзімді ұзартуға болады. Егер шешімді сот ертерек қабылдайтын болса, онда ертерек шығады. Мүлкі жоқ адамдар үшін бұл, әрине, тезірек болады. Себебі тек уәкілетті органдардан мүліктің жоқтығы туралы растау қажет”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін банкрот деп танылған Қазақстан азаматтары шетелге шыға алмайды деп мәлімделген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного в рамках молодежного проекта «Activity Boom». Конкурс стал значимым событием,...