Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

14 ақпан: ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

14 ақпанда қазақстандықтарды бұрқасын, көктайғақ, қалың қар күтеді. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс циклонына байланысты ҚР басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын түседі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады, басым бөлігінде жел күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында көктайғақ болады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде жел қарқыны – секундына 17-22 метр, таулы аймақтарда және облыстың солтүстігінде – секундына 25 метр, кей жерлерде секундына 30 метрден асады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз желдің күші – секундына 23-28 метр, кей уақытта секындына 30 метрден асады.

Ақмола облысында бұрқасын, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде, батысында желдің күші – секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде екпіні секуындына 25 метрге жетеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы – секуындына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жел екпіні – секундына 15-20 метр Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын, жел жылдамдығы – секундына 15-20 метр. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғады, жел қарқыны – секундына 15-20 метр.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын көтеріледі, желдің күші – секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысының түнде басым бөлігінде, күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...