Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Дикий Арман» туралы жазған Бақтияр Артаев қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік бапкер қызметінен кету туралы өтініш білдірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ол 11 ақпанда жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Бұйрыққа әлі қол қойылған жоқ. Барлығы бірден орындалмайтынын білесіздер. Ал ақпарат рас. Жұмыстан кету себебі көрсетілмеген, өз еркімен кететіні жазылған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бақтияр Артаев «Дикий Арман» ретінде танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелидевке арнап пост жазды. Ол «бауыры үшін жүрегі ауыратынын» айтып, оны босатуды сұрады.

Олимпиада чемпионы қазір істі болып жатқан Жұмагелдиев пандемия кезінде қазақстандықтарға көмектескенін еске салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...