Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың директоры қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен босатылды. Министр Дәурен Абаев өнер ордасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Театр директоры болып Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды. 

«Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым. Бүгінге дейін осы театрдың ілгерілеп, дамуына айтарлықтай еңбек сіңіргені үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғысымды білдіремін. Ал Талғат Қамқабайұлына алдағы жауапты қызметте сәттілік тілеймін», – деп жазды Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды театр директоры қызметіне 2018 жылы тағайындалған.

Ал Талғат Қамқабайұлы 2016 жылдан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры қызметін атқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...