Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Енді «Сергек» жаяу жүргіншілерді де бақылайды

Танымал

Ел аузында

Бүгінде елорданың 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткеліндегі «Сергек» камераларында бұл қосымша функция іске қосылмақ.

Елордадағы «Сергек» камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қалалық полиция департаменті ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, енді «Сергек» камералары жаяу жүргіншілер өткелінде «бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту» бұзушылықтарын тіркей бастайды. Бүгінде елорданың 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткеліндегі «Сергек» камераларында бұл қосымша функция іске қосылмақ. Қосымша функция «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде енгізілген.

Полицияның ақпаратынша, 2021 жылы қаладағы жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 100-ге жуық адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды», – дейді құзырлы орган.

Осы ретте, полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуге кеңес береді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...