Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Азамат Сатыбалды Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. 

«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!», – деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 жылы), Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002), Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

1997 жылы Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық қорғауға жіберілді.

2001 жылы диплом алып, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актер болып орналасады.

2018 жылдың 27 желтоқсанынан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. 

2017 жылы «Cinema 28» киностудиясын және 28 THEATRE атты жеке театрын ашты. Театрдың алғашқы қойылымы режиссер Айдын Сахаманның Михаил Задорновтың дәл осындай комедиясынан сахналанған «Продайте своего мужа» спектаклін қойды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...