Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Көктемде ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда көктемде ауа райы қандай болатыны жарияланды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, наурыз және сәуір айларындағы температура нормадан жоғары болады, алайда қыстың кейбір белгілері білінуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көктемде, ауа температурасы нормадан жоғарылайтын күндер көбірек болады деп болжануда.

“Мәселен, наурыз айында ауаның орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының солтүстік-батысында нормаға жуық болады деп күтілуде. 

Ал сәуір айында еліміздің барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болмақ. Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында болса, норма шамасында”, – дейді синоптиктер.

Алайда көктемгі ауа райы қысқы температурадан бірден арыла қоймайды. Себебі мұндай өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз жүреді. Суық ауа массаларының ағындары кезінде, қарлы боран көбінесе солтүстік аймақтарда, ал арктикалық антициклондардың кіруімен оңтүстік аймақтарда аяз болуы мүмкін. 

“Мамыр айында республиканың басым бөлігінде, ауаның орташа айлық температурасы нормаға сәйкес болады деп күтілуде. Алайда бірқатар облыстарда мамыр күндері ауа температурасы климаттық нормадан 1°С төмен болады деп болжануда. Әсіресе, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде. Бұл Сібірдің аудандарынан суық ауа массаларының бізге келуіне байланысты. Наурыз айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес, ал Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде нормадан артық болады деп болжануда”, – деді Қазгидрометте. 

Ал сәуірде жауын-шашын мөлшері, республиканың басым бөлігінде, еліміздің батысында, қиыр солтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы, тау бөктерлі аудандарында нормадан аз болмақ. 

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында нормадан аз болады деп болжанады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...