Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Алматылық кәсіпкерлер: «Қандай сомада зардап шеккенімізге ешкім баға бере алмайды»

Танымал

Ел аузында

Қаңтардағы оқиғалар кезінде бизнесі зардап шеккен 20-дан аса алматылық кәсіпкер құқық қорғау органдарынан көмек сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Олар өтемақы ала алмай жүр, өйткені тәртіпсіздіктер кезінде бухгалтерлік есептері жарамсыз боп қалған. Сондықтан infokazakhstan сайтына өтініш бере алмайды. Бұл проблема залал сомасы 3 миллион теңгеден асатын адамдарда ғана бар. Кәсіпкерлер осы жағдайды ескеріп, залалды өтеу механизмін жеңілдетуді ұсынды.

«Аудиторлар қазір жабдықтарды ғана бағалай алады, ал бізде залалдың көп бөлігі тауарларға тиесілі. Бағалаушыларды қоспады. Оларға тек өртенген көліктерді бағалауға мүмкіндік берілді. Яғни, қазір тауарларымызды ешкім бағалап, нақты бағасын бере алмайды», – дейді кәсіпкер Сақдиана Азымбаева. 

«Бұл 3 қаңтардан 8-іне дейінгі оқиғалар кезінде болды. Кейбіреулер 4 күн қатарынан тоналды. Оларға үлкен шығын келді. Олар: «Заң бұзған жоқпыз! Қазір құжаттар талап етіледі, бірақ біз бухгалтерия жүргізген кезде бұл құжаттар заңнама бойынша талап етілмеді» дейді. Біз не істейміз? Президентке жүгінеміз. Ең алдымен, баспасөз конференциясын өткіземіз. Үндемей қалмаймыз», – деді құқық қорғаушы Айман Омарова.

Арна мәліметінше, Алматыда мүлікке келген зиянды анықтау бойынша өңірлік комиссия жұмысы басталғаннан бері 601 өтінім мақұлданған. Осы уақытқа дейін өтемақылардың жалпы сомасы 1 миллиард 118,5 миллион теңге болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...