Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстандық олимпиадашылар Қыстың басты додасында неліктен жүлде ала алмағандарын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Бейжің Қысқы Олимпиадасында кей спорт түрлері бойынша сайыстар аяқталды. Қыстың бас додасында отандастарымыз әзірге жүлдегер атана алмады. Сайыстан кейін спортшылар алған әсері мен көрсеткен нәтижесі туралы пікір білдірді. Мысалы, фристайл-акробатшы Ақмаржан Қалмұрзаева шамадан тыс артық тырысқанын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Біз бар күшімізді салдық, нәтиже көрсету үшін тырыстық, бірақ кейін шамадан тыс күш салғанымызды білдік. Себебі біздің жылдамдығымыз қажетті нормадан асып кеткен. Екінші талпыныста күшімізді жинай алдық. Дегенмен бұл да оңайға соққан жоқ», – деді фристайл-акробатшы Ақмаржан Қалмұрзаева. 

Медаль үшін сайысқа түскен шаңғышылар Надежда Степашкина мен Ксения Шальгина командалық спринтте 10-шы болып мәреге жетіп, келесі айналымға өте алмады. Ал шорт-трекші Ольга Тихонова жартылай финалға да жолдама ала алмады. 1 500 метр қашықтықта жарысқан ол төртінші орын алған, алайда ереже бұзғандықтан төрешілер спортшыны жарыстан шеттетті. 

Ұлттық Олимпиада комитетіндегілер жеңіліске қарамастан ұлттық команданың жақсы нәтиже көрсеткенін айтады. 2018 жылы өткен Олимпиадамен салыстырсақ, ілгерлеуді байқауға болады дейді. 

Ал жаттықтырушылар ұлттық командамыздың келешегі жарқын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар нәтижені жақсарту үшін аймақтарда қысқы спорт нысандарын ашып, бәсекені күшейту керек дейді. 

«Қысқы спорт түрлерінің келешегі бар. Бірақ солтүстік облыстарда жақсы мүмкіндік болғанымен, қысқы спорт дамымай жатыр. Біздің спортшылардың артында үздік болғысы келетін жастар тұруы керек. Бәсеке болмаса нәтиже де болмайды», – деді Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...