Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Қазақстанда діни ахуал картасын жасау ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске 270 миллиард теңге бөлінгенін, бірақ қаңтар оқиғасына қарағанда, бағдарлама нәтиже бермегенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаңтарда бейбіт шеруден басталған оқиғаларда діни радикалдар мен қылмыстық топтар халықтың наразылығын өз мақсаты үшін пайдаланды, бұл елдің тыныштығын бұзатын үлкен қақтығысқа әкелді. (…) Діни ағым мүшелері жат идеологияны тарату, жастардың санасын улау, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі діні мен әдет-ғұрпына күмән туғызумен айналысты», – деді депутат премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Ол террорға қарсы орталық бастығының орынбасары, ҰҚК полковнигі Сергей Швейкиннің Қазақстандағы деструктив ағымдарды ұстанушылар саны 20 мыңнан асады деген сөзін келтірді.

«Неге олардың саны артып келеді? Елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бес жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен 270 миллиард теңге бөлінді, бірақ олардың тек 4 пайызы ғана алдын алу іс-шараларына жұмсалды. Бұл бағдарлама тиісті нәтиже бермегенін қайғылы қаңтар оқиғалары куәландырады және осы салаға жауапты уәкілетті органдар бұл мәселеге әлі де баға берген жоқ», – деді сенатор.

Мәселені шешу үшін ұсынылды:

  • діни ахуалды терең зерделеу және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын дайындау;
  • аймақтар контексінде Қазақстандағы діни ахуал картасын әзірлеу;
  • дін саласында зерттеулер, мониторинг және сараптама жүргізетін республикалық зерттеу орталығын құру, оны тиісті білімі бар кәсіби, білікті мамандармен жасақтау;
  • әдістемелік, ақпараттық, қаржылық қолдау көрсете отырып, өңірлердегі ғылыми-зерттеу топтарының ақпараттық насихат қызметін жетілдіру және күшейту.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды. Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің...