Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Төңкерісшілер еліміздегі реформаларға кедергі келтіруге тырысты – Қасым-Жомарт Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде шыққан арандатушылар мен қарақшылардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әрине, бастапқыда бейбіт шерулер болды. Мұны бәріміз көрдік. Еліміздің әр аймағында азаматтар алаңға жиналып, өз талаптарын айтты, тіпті, наразылықтарын білдірді. Шынын айтсақ, әуелде ешқандай қирату, қылмыстық әрекеттер болған жоқ. Бірақ жағдай кейін мүлдем басқа арнаға бұрылып кетті. Арандатушылар мен қарақшылар пайда болды. Олардың шынайы мақсаты бейбіт митингіге қатысу емес, билікке шабуыл жасау болды. Бір сөзбен айтқанда, соңына қарай алаңға нағыз лаңкестер шықты. Бүлікшілер мыңдаған қару-жарақты ұрлап кетті. Қазір полиция оларды іздеп жатыр. Әзірге түгелдей табылған жоқ. Бұзақылар сол қарудан тағы да адам атуы әбден мүмкін. Сонда мұны кім істеді деген сұрақ туады? Кім жасады? Бейбіт шеруге шыққандар ма? Шын мәнінде, бұл – кәсіби қарақшылардың ісі», – деді Президент.

Мемлекет басшысы билікке қарсы шыққандардың мақсаты қандай болғанын айтты.

«Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», – деді ол.

Сонымен қатар, ол тергеу әлі де жүргізіліп жатқанын, сондықтан оның нәтижелерін айту ерте екенін мәлімдеді.

«Қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте ерекше іс болғандықтан біраз уақыт керек. Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...