Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

«Қазақстандықтарға 500 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі»: Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Еңбекмині Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.

Белгісіз тұлғалар өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мың теңгеден астам ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған).

Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігіне сілтеме жасайды.

«Еңбекмині Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды», – делінген хабарламада.

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз.

Министрлік жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаға тартуды көздейтінін ескертеді.

Бұған дейін қазақстандықтардың мобилді аударымдары қашан тексерілетінін жазған болатынбыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...