Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Елімізде жасөспірімдерге арналған «Спутник М» вакцинасын мақұлдады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жасөспірімдерге арналған "Спутник М" ресейлік вакцинасын мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Танымал

Ел аузында

Вакцина 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан «Спутник М» вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды», – деді Ресей тура инвестициялар қорының баспасөз қызметіндегілер. 

Ресей тура инвестициялар қорында өзге елдердегі жасөспірімдерге салынған вакциналардың дозасы ересектердің вакцинасымен бірдей екенін мәлімдеді. Олардың сөздерінше, «Спутник М» арнайы жасөспірімдерге арналып жасалған. 

Ресей денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің «Гам-Ковид-Вак-М» вакцинасын («Спутник М») 2021 жылдың 24 қарашасында тіркеген. 

«Спутник М» вакцинасы «Спутник V» негізінде жасалған және 30 жыл көлемінде сыналған аденовирус векторының платформасында жасалған. Басты айырмашылығы құрамындағы аденовирус векторының 5 есеге азайтылуында. 

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп, екпенің қауіпсіз екенін анықтаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...