Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстанда АЭС салуға қанша қаржы жұмсалуы мүмкін?

Танымал

Ел аузында

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сомасына келетін болсақ. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты. Бірақ болжамды сома – осы», – деді Касенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмдері бар.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов Қазақстан атом электр станцияларын салу бойынша алты мердігер ұсынысын қарап жатқанын айтқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...