Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
29 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

Владимир Зеленский: Украина аумағында әскери жағдай жариялаймыз

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Украина басшысы Донбасста Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі видео үндеуінде мәлімдеді.

«Бүкіл ел аумағында әскери жағдай жариялаймыз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Біз тыныштық сақтаумыз қажет. Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең туғызбайық. Бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз. Өйткені біз – Украинамыз», – деді Зеленский видео үндеуінде.

Сондай-ақ, саясаткер Ресейді елдің әскери инфрақұрылымына соққы берді деп айыптап, Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыру туралы шешім қабылдаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Алтын Адам» номинациясының иегерлері анықталды!

    Мемлекет басшысы 2025 жылды Еңбек Адамы жылы деп атауды ұсынған болатын. Өйткені қоғам нағыз еңбек адамдарының арқасында тоқтаусыз дамып,...