Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Ұлттық банк 104 млн долларға валюталық интервенция жүргізді

Танымал

Ел аузында

Ұлттық банк базалық ставканы көтеруге қатысты шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық банк кезектен тыс шешім қабылдап базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке дейін көтерді.

«Бұл қадам геосаяси жағдайдың ушығып кетуі кезінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Мұндай сценарий мен жоспар Ұлттық банк пен үкіметтің антикризистік шарасы ретінде қарастырылып, соның аясында іске асырылды», – делінген хабарламада.

Ұлттық банктің хабарлауынша, ақша-несие комитетінің бұл шешімі ел экономикасына сыртқы дағдарыс әсерінің алдын алуға, теңге активтерін сақтау және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Тиісінше өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме 14,5%-ды және өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша 12,5%-ды құрайды», – деді Ұлттық Банк.

Ведомстводағылардың хабарлауынша, Ұлттық банк валюталық интервенция жасау құқығын қалдыра отырып, теңгенің еркін айналым режимін сақтайды.

24 ақпан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Ұлттық банк 104 млн АҚШ доллары соммасына интервенция жасады. Осы аптадағы валюта интервенциясының жалпы сомасы 137 млн АҚШ долларын құрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...