Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Нұрлан Албан: Егер бізге рұқсат берсе, Ресейге қарсы соғысқа мен барар едім

Танымал

Ел аузында

Украина мен Ресей арасындағы дау көп елді елеңдетіп отыр. Қоғам белсенділері мен саясаткерлері, қарапайым халық бейбітшілік орнатуды қалады. Өнер өкілдері де бұған қатысты өз пікірін айтып, ойын ортаға салды. 

“Егер бізге рұқсат берсе, Ресейге қарсы соғысқа мен барар едім”, – деп жазды Нұрлан Албан. 

Бұған желідегі оқырман түрлі пікір айтты. 

“Мен қазір әлемде болып жатқан жағдайдан басқа ештеңе ойлай алмаймын. Мен жаңалықтарды үнемі оқып отырамын. Өшіре алмаймын, ештеңеге алаңдамай отыра алмаймын. Бірнәрсе жасауға деген құлшынысым да жоқ», – деп мойындады Исабекова.

“Жүктілік онсыз да тым уайымшыл жанның сезімін күшейтеді. Мен барлығының тезірек жақсарғанын және барлығының үйге аман-есен оралғанын қалаймын. Менің қолымнан келетіні тек дұға етіп, махаббат пен жақсылық орнаса деген тілек қана”, – деп жазды Мақпал Исабекова. 

“Тек қана бейбітшілік болса екен, еш елде соғыс болмасын”, “Жазықсыз жандар, балалар опат болды, кім жауап береді?”, “Бұл соғыс болмаса, неге жазықсыздар зардап шегуде?”, “Әлемде бейбітшілік болсын”, “Аман болса екен, тыныштықтың қадірін білейік“, “Бейбіт заман орнасын”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Роза Әлқожа украин халқы үшін алаңдап, ауырып қалғанын айтты. 

Айта кетейік, 28 ақпанда Беларусьтегі Гомельде Украина мен Ресей арасында алғашқы келіссөз өткен еді. Келіссөз бас-аяғы 5 сағатқа жалғасқан. Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық ірі қалалары жабылды деп мәлімдеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...