Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Досым Сәтпаев: Қазақстан өз ұстанымын нақтыламаса қиын болады

Танымал

Ел аузында

«Егер біз Ресейді Еуразиялық одақ бойынша әріптесіміз деген ұстанымнан айнымасақ, әлемдік қауымдастық теріс айналуы мүмкін…».

Саясаттанушы бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Егер біз Ресейді Еуразиялық одақ бойынша әріптесіміз деген ұстанымнан айнымасақ, әлемдік қауымдастық теріс айналуы мүмкін. Ендеше, бейтарап дипломатияның уақыты аяқталды. Қазіргі таңда әлем қауымдастығы екіге бөлінді. Біреуі – екі ел арасындағы жағдайды Ресейдің агрессиясы, соғыс деп санаса, екінші тарап «әскери операция» деп жүр. Ал олардың саны аз. Сондықтан, Қазақстанға өз позициясын нақтылауы тиіс деп санаймын. Бизнесмендер Еуразиялық одақтан шығу туралы бастама көтеріп отыр. Себебі, жоғарыда айтқанымдай, санкция Қазақстанды да шарпиды. Мен көп адамдармен араласамын, пікірлерін оқып отырмын. Олар блогерлер емес, кәдімгі өз ісінің мамандары. Олар экономикалық риск дегеннің не екенін біледі. Міне, қазір сол азаматтар санкцияны ойлап үрейленіп отыр», – деді саясаткер Досым Сәтпаев.

Сондай ақ, ол ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де тоқталды.

«Оның үстіне ақпараттық қауіпсіздік туралы да ойлауымыз керек. Қазақстан оппозициялық медиалардың жұмысы тұншылықтырған соң пайда болған бос кеңістікті ресейлік үгіт-насихат толтырып жатыр. Күні кеше Қазақстанда ресейлік каналдардың таралуын тоқтату туралы петиция пайда болды», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...