Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Еліміздегі айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеден сатылып жатыр

Танымал

Ел аузында

Қазақстан қор биржасының соңғы мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 501,64 теңге болды. Осылайша шет ел валютасы 4 наурызбен салыстырғанда 2 теңгеге қымбаттап, тағы да антирекорд орнатты. 

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, еліміздегі айырбастау пункттерінде доллар 524-526 теңгеден сатылып жатыр. Кей сауда орындары АҚШ валютасының сатылымын тоқтатқан.

Айта кетейік, доллар бағамы АҚШ пен Батыстың Ресейге салған санкцияларынан кейін өсе бастады. 24 ақпан күні Ресей Украинаға басып кірген күні Қазақстанда доллардың құны 450, түстен кейін 470 теңгеге жетті. Сол күні Ұлттық банк базалық ставканы 13,5%-ке дейін көтерді. 28 ақпан күні АҚШ валютасының құны 495 теңгеге дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты. Ал 4 наурыз күні доллар құны 499 теңгеге жеткен еді.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың отбасынаарналған жаңа жылдық ғажайып сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы...