Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

«Бронды кеудешесін шешіп, балаларды оқтан қорғаған»: Украинада белгілі актер Паша Ли көз жұмды

Танымал

Ел аузында

6 наурызда Украинаның Ирпень қаласында атыс кезінде актер, тележүргізуші, әнші және музыкант Паша Ли көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liga.net басылымына сілтеме жасап. 

«Бірге суретке түсіп те үлгермедік. Жатқан жерің жайлы болсын», – деп жазды украиналық адвокат және журналист Ярослав Куц өз Facebook парақшасында. 

Паша Лидің танысы әнші Камалияның сөзінше, қаладағы атыс кезінде актер өзінің бронды кеудешесін шешіп, онымен балаларды жауып қалған. Паша мен Камалияның модераторы Дмитрий ауыр жарақат алған. 

«Менің модераторым Дима құрсақ бөлігіне, арқасынан, екі аяғынан ауыр жарақат алған. Олар Паша Лимен бір батальонда қызмет еткен. Ирпеньде өртеніп жатқан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде екеуі де ауыр жарақат алды. Өзі бронды кеудешелерін шешіп, балаларды оқтан қорғады. Барлық 9 бала дін-аман. Өкінішке орай, Паша Лиді құтқара алмады. Украиналық батырлар жасасын», –  деп жазды Камалия. 

Паша Ли 33 жаста болған. Жақында ол Украина Қарулы күштерінің аумақтық қорғанысы қатарына қосылған. 

«Паша Ли – керемет актер, талантты және мейірімді адам, әрқашан бізбен біргесің. Сен мен білетін ең керемет өзге планеталық едің. Бүгін өзіңнің әділдік пен жарық планетаңа ұшып кеттің. Паша Ирпеньде оққа ұшты. Мәңгі есіміздесің», –  деп жазды музыкант Дмитрий Шуров. 

Паша Ли 1988 жылы 10 шілдеде Евпатория қаласында дүниеге келген. Ол “Штольня”, “Тени незабытых предков”, Встреча одноклассников”, “Провинциал” және т.б. фильмдерде ойнаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...