Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері көтеріле ме? Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов инфляция мен теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақылар мен зейнетақы қайтадан индексациялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыға жыл сайын индексация жасалатынын атап өтті. Ал доллар мен азық-түліктің қымбаттауына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. «Барлық шешім негізделген және теңдестірілген болуға тиіс. Әлемдегі жағдайға байланысты жедел штаб құрылды, ол ахуалға баға береді. Шешімдер жағдайға қарай қабылданады. Әзірге бұл мәселе ашық», – деді министр үкімет кулуарында.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...