Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар доллар таба алмай жүр: Ұлттық банк себебін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар валюта айырбастау орындарынан доллар таба алмай жүр. Мұндай кедергілерге ұшырағаны жөнінде әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындары айтқан. Олардың сөздерінше, ақша айырбастау орындарының барлығы валютаның таусылып қалғанын айтып, қызмет көрсетуден бас тартқан. Осы себепті Ұлттық банк еліміздегі шетелдік валюталарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заң актілері қабылданбаған.

«Қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне, сондай-ақ шиеленіске толы геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілерге байланысты туындап отыр», – делінген банк ұсынған мәліметте.

Сонымен қатар ұлттық банк АҚШ-тың орталық банкі – Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатқанын жеткізді.

«Сондай-ақ, бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз», – деп қосты ұлттық банк.

Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, Қазақстан бойынша сатылатын доллар бар. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында бір долларды 519 теңгеге сатып алуға болады. Алайда айырбастауға барған кезде долларды сатудан бас тартады.

Бұған дейін ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова шетелдік валютаға деген сұраныстың негізгі себебін айтқан. Бүгінде халық пен бизнес экономикалық жағдайға алаңдап отыр. Бірақ қазақстандық экспорт пен саудаға санкция салынып жатқан жоқ. Сол себепті халықтың алаңдаушылығы негізсіз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...