Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.8 C
Nur-Sultan
15.8 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Ресейде Instagram бұғатталды

Танымал

Ел аузында

Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы киберқауіпсіздік пен интернетті басқаруды бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады.

Қазіргі деректер бойынша, Instagram Ресейдегі бірнеше провайдермен шектелгенін көрсетеді.

Netblocks Инстаграмға үкімет енгізген интернет шектеулері әсер етпейтін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қолжеткізуге болатынын қосты. Дегенмен, олардың көпшілігі VPN бағдарламасына қолжеткізе алмайды және бұл шараның нәтижесінде Ресейде Instagram қолдануы айтарлықтай төмендейді деп күтіледі.

Еске салайық, Ресей Meta модерация ережелерін уақытша шектеп және қолданушыларға Ресейге қарсы хабарламалар жіберуге рұқсат беру туралы шешім қабылдағаннан кейін Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған.

Осыдан кейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұраған. Роскомнадзор Бас прокуратураның талабы бойынша Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...