Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Бейжіңдегі Паралимпиадада Қазақстан қоржынына қанша медаль түсті?

Танымал

Ел аузында

Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 17-орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасында биатлон жарысы бойынша Александр Герлицтің бір қола жүлдесі бар. Бұл Қазақстан құрамасына Аустралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісуіне мүмкіндік берді.

2018 жылғы қысқы паралимпиадада Қазақстан құрамасы бір алтынмен 20-орынды иеленген еді.

Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).

Айта кетейік, Герлиц медальдан бөлек, өзге төрт жарыста бесінші орынға ие болды – шаңғы жарысында үш рет және биатлонда бір рет. Сонымен қатар, Ербол Хамитов шаңғы эстафетасында бесінші болды.

Осылайша, Герлиц 115 мың доллар, ал Хамитов он мың алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...