Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Танымал

Ел аузында

Желіде Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

КазТАГ ақпарат агенттігі дереккөздің ақпаратты растағаны туралы жазды. 

«Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Оның ісіне қатысты Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігінің бас кеңсесінің адамдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері Алматыда тергеу жұмыстары өткізіледі», – делінген ақпаратта. 

Қайрат Боранбаев – «Қайрат» футбол клубының иесі, Қазақстан Республикасы паралимпиада комитетінің президенті, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің (ҰОК) паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президенті, УЕФА адал ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің мүшесі.

Соңғы қазақстандық Forbes рейтингінде Боранбаев 590 миллион доллар байлығымен 14-орынға тұрақтады.

Боранбаевтың қызы Әлима – 2020 жылы көз жұмған Айсұлтан Назарбаевтың әйелі болған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...