Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатыстылар туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

«Өкінішке қарай, бүлікшілердің қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз – қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содыр мен лаңкесті жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз», – деді Президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын айтты. 

«Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», – дейді Президент. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...