Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-24 C
Nur-Sultan
-14.1 C
Almaty
-5.7 C
Shymkent

Алматыда Наурыз қалай тойланады?

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімдігі өкілі Наурыз мерекесіне дайындық шарасы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық ауданында 80-нен аса түрлі іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық әртістердің концерттері, ұлттық жарыстар, театр қойылымдары мен шоулар күтеді.

Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді, онда 50-ден аса сәулет нысандары мен қондырғылар орнатылады. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балаларға арналған орын ұйымдастырылады.

Панфилов пен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында концерттік бағдарламамен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өз өнерлерін көрсетеді.

Жібек жолы көшесіндегі сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында «Алматы Әуендері», «Бозторғай» халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен шығармашыл жастар өз өнерлерін ортаға салады. 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, сағат 16.00-ден кешкі концерт басталады.

Негізгі концерт 21 наурызда сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында өтеді. Көрермендерге қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу ұсынылады. Осы іс-шара үшін арнайы заманауи түрде өңделген музыкалық этно-фольклорлық композиция жазылған. Мерекелік концертке барлығы 500-ден аса әртіс қатысады. Сонымен қатар, сахнада 100-ден аса адам өнер көрсетеді.

Қойылымда Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдүкенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Әли Оқапов, KeshYou, «Блокбастер» шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, «Сарын» тобы, Filigram шекті аспаптар квартеті және т.б. қатысады.

Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ, заманауи композициялар ұсынылады. «Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындайды.

21-22 наурызда Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының әртістері қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Сонымен қатар, мерекелік концерттер қаланың түрлі ауданында өтеді:

– Алмалы ауданында 22 наурызда сағат 12.00-17.00 аралығында М.Ганди атындағы паркте;

– Әуезов ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда;

– Алатау ауданында 22 наурызда сағат 11.00-14.00 аралығында «Алатау» ДӨТ алдындағы алаңда;

– Бостандық ауданында 21 наурызда сағат 11.00-13.00 аралығында MEGA Centеr СОО амфитеатрында;

– Жетісу ауданында 21 наурызда сағат 11.00-14.00 аралығында «Гүлдер» саябағында;

– Медеу ауданында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» бағдарламасы 20 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында ҚР Ғылым академиясының алдындағы алаңда;

– Түрксіб ауданында – «Көктем шақырады» бағдарламасы 20 наурызда сағат 12.00-15.00 аралығында С.Сейфуллин атындағы паркте;

– Наурызбай ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Абай даңғылында (Алатау көшесінен Тараз көшесіне дейін).

Әкімдік өкілі мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген режим қабылданатынын атап өтті. Құқық қорғау органдары қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар барысында қажет болған жағдайда тексеріс жүргізеді. Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарау сұралды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстандықтар туралы тыңшылық деректердің тарауы: БЖЗҚ мәлімдеме жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бұған дейін қордың дерекқорынан қазақстандықтардың жеке деректері шыққаны туралы ақпаратқа пікір берді, - деп...