Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Ресейліктер Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып алуда

Танымал

Ел аузында

Ресей азаматтары Қазақстан нарығындағы көліктерді жаппай сатып ала бастаған. Мысалы, Қостанайдағы дилерлік орталықта көлікке деген сұраныс 10 есеге өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап. 

Мамандар сұраныстың артуын Ресейге салынған санкциялармен байланыстырды. Қазір Ресейге Еуропада және өзге де жетекші зауыттарда құрастырылатын көліктер жіберілмейді. 

«Саяси ахуал қиындағанға дейін сұраныс бір қалыпты еді. Негізінен жеке тапсырыспен құрастырылған қымбат көліктер болған. Қазір отандық көліктерді сатып алуға онлайн және офлайн өтініштер келіп түсіп жатыр. Сұраныс 10 есеге өскен. Кейбірі елімізде өндірілген көліктерді толығымен сатып алғысы келеді», – деді дилерлік автоорталық өкілі Евгений Бибер. 

Қазақстандық автокөліктер шетелдіктерді бағасымен да қызықтырады екен. Себебі қазір Ресейде көлік бағасы бірден өскен. 

«Мысалы, Ресей аумағында жұмыс істейтін қытайлық концерн көліктерін 50 пайызға дейін қымбаттатқан. Жергілікті дилерлер әзірге зауыт-өндірушілерде баға көтерілмегенін айтты. Қазақстанда құрастырылған көліктер құны 5,8 миллион теңгеден басталады», – делінген хабарламада. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Алтын Адам» номинациясының иегерлері анықталды!

    Мемлекет басшысы 2025 жылды Еңбек Адамы жылы деп атауды ұсынған болатын. Өйткені қоғам нағыз еңбек адамдарының арқасында тоқтаусыз дамып,...