Еnpf-otbasy.kz сайтында ақау шықты

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты жұмысындағы олқылықтарға шағымданады. «Отбасы банк» пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең төменгі жеткілікті шек деңгейі сәуірде өзгереді. Желі қолданушылары enpf-otbasy.kz сайтына кіруде проблемалар туындап жатқанын айтқан. Бұл платформа арқылы зейнетақының бір бөлігін «Отбасы банкіне» аударуға болады.

Бір күн бұрын «Отбасы банк» enpf-otbasy.kz сайтына кіруде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.

«Достар, өтініштердің көптігіне байланысты enpf-otbasy.kz платформасының өнімділігі төмендеп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді банк өкілдері.

Кейінірек «Отбасы банк» IT мамандары платформа бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...