Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Ресей президенті Владимир Путин табиғи газды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол түкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің өнімді Еуроодақ және АҚШ-қа жеткізіп, доллар мен еурода ақы алудың ешқандай мағынасы жоқ екені белгілі. Сондықтан ақы алу мәселесінде аз уақытта кешенді шаралар қабылдап, табиғи газды ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдадым. Яғни есеп айырысу кезінде өзге валютаны қолданудан бас тартамыз», – деді Путин. 

Оның сөзінше, Ресей табиғи газды келісімшарттаркөрсетілген баға белгіленімі мен көлеміне сәйкес жеткізуді жалғастыра береді. 

«Өзге әріптестерімізге қарағанда біз сенімді серіктес ретінде абыройды бағалаймыз. Өзгеріс тек төлем валютасына енеді», – деп түсіндірді Путин. 

Осы секілді мәлімдемені «Роскосмос» директоры Дмитрий Рогозин де жасаған. 

«Біз де барлық сыртқы келісімдерді ресейлік рубль арқылы жасаймыз», – деді Рогозин. 

Айта кетейік, бұған дейін саясаттанушы әлемнің екіге бөлінетінін болжаған еді. Сарапшының сөзінше, әлемде екі сауда блогы түзіледі. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...