Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3.6 C
Nur-Sultan
13.9 C
Almaty
16.4 C
Shymkent

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының жаңа басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанайдың бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов қызметінен босатылған. Оның орнына Марат Жүндібаев тағайындалды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтерді, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес, қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты», – деді Қостанай облысы әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыс орталығының жаңа басшысы Марат Жүндібаев Қостанай облысы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...