Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Алматыда потсковидтік оңалтуға 178,3 млн теңге бөлінді

Танымал

Ел аузында

2022 жылы Алматы қаласы бойынша ковидке шалдыққан тұрғындарды медициналық оңалтудан өткізуге 178,3 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы хабарлады.
Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін медицина ұйымдарымен 85,5 млн теңгенің келісімшарты бекітілген. Бұл сомаға 2584 постковидтік реабилитация қызметі көрсетілуі тиіс.
«Коронавируспен және пневмонияның орташа немесе ауыр түрлерімен ауырған алматылықтардың реабилитациядан өтуге мүмкіндігі бар. Олар постковидтік оңалтудан күндізгі және тәулікбойғы стационарларда өте алады», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Медициналық көмекті пайдалану үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден реабилитолог маманға жолдама алу қажет. Дәрігерлер сырқаттың жағдайына қарай денсаулықты қалпына келтіру жоспарын жасап, емдеу курсының мерзімін бекітеді. Бірақ медициналық реабилитациядан өту үшін пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт.
Сонымен қатар, Қор постковидтік оңалту қызметін көрсететін клиникалар санын арттыруға күш салып келеді.
«МСҚ реабилитация қызметін көрсететін клиникалар санын арттыруға, бұл салаға жеке меншік клиникаларды тарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Аймақтық комиссия аталған қызмет түріне тұрақты конкурс жариялап отырады», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Еске сала кетейік, өткен жылы Алматы қаласы бойынша постковидтік оңалтуға 222,4 млн теңге жұмсалған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...