Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Медиацияның маңызы артып келеді

Танымал

Ел аузында

         Медиация – дауды шешудегі медиация әдісі, оның мақсаты – тараптардың дауды өз бетінше шешуіне көмектесу, өзара қанағаттандыру мен өзара тиімділік.

         Медиация – бұл даудың барлық тараптарына тең құқықтар берілген кезінде жеке адамды құрметтеуге, ерікті түрде қатысуға және ерік білдіруге, тараптардың мүдделерін қорғау мен қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделген шешімдерді әзірлеуге және қабылдауға бостандыққа негізделген әдіс

Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын рәсім. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Медиация тәсілін Америка, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Австрия сынды әлемнің алпауыт елдері ертеректен бері қолданып келеді.

Бітімге келу, татуласу, бір-біріне кешірім жасау тәжірибелерінің біздің ұлтымыздың өткен тарихи тірлігінде бар болғаны бәрімізге аян. Қаймағы бұзылмаған, халқымыздың бірлігі жарасқан заманда, шыңыраулы түрме ұстамаған қазақ қоғамындағы неше түрлі даулы мәселелерді, екі ауыз сөзбен ғана шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Міне, енді «Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десекте болады.

Елімізде, осындай өміршеңдік тәжірибе негізінде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы Елбасымызбен қабылданып, 2011 жылдың 5 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

«Медиация туралы» заңға қол қойылуы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты  мақсаты, қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады. Басты қағида еріктілік және медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады.

Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни талапкер мен жауапкер өзара келісімдері арқылы мәміле жасауы.  Медиатор – келіссөздердің тиімді жүргізілуіне кө­мектеседі және оларды қажетті арнаға бұруға жол сілтейді. Бұл әдістегі ең маңыздысы, өзінің бейтараптығының арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, проблеманың оңтайлы шешімін табуына таразы бола алады. Ал, тараптар келісімге қол жеткізген жағдайда, медиа­ция даулы ахуалды шешетін жазбаша шарт (медиациялық келісім) жасаумен аяқталады. Сәйкесінше, дауласушы жақтардың әрқайсысы медиативті келісімнің ерікті түрде орындалуын көздейді.

         Медиация екі жақтың дау-жанжалмен байланысты барлық аспектіні зерделеуге, оны егжей-тегжейлі анықтауға және дауласушылар  үшін маңызды мән-жайларды зерттеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында тараптар бірін-бірі түсініп қана қоймай, артық эмоция ықпалынан арылып, ақылға келеді. Медиация үрдісін жүргізу барысында дауласушылар талқылауға жататын мәселелерді айқындап, орын алған мәселе бойынша өз пікірін білдіріп, екі жақты келіссөз жүргізуді толық бақылай алады. Сондай-ақ, медиация тәсілін қолдану сот шығындарынан босатады.       

         Қорыта айтқанда, медиация кімнің дұрыс, кімнің бұрыс іс-қимыл жасағанын анықтайтын емес, екі жақтың ортақ келісімге келуін реттейтін рәсім.

                А.С.Тукубаева, Қарағанды облысы Қаражал  

қалалық сотының  судьясы

                

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...