Бұл туралы украин делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.
Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.
«Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық», – деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.
Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.
14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.