Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.9 C
Nur-Sultan
17.2 C
Almaty
18 C
Shymkent

«Pfizer»-ді жаппай қолдануға Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар ма? Вице-премьер жауап берді

Танымал

Ел аузында

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында «Pfizer»-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Pfizer» екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан еді. Мұның Қайрат Боранбаевтың ұсталуы әсер еткен жоқ па», – деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.

«Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (…) «Спутник» вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан «Pfizer»-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде «Pfizer»-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцина бойынша толықтай мүмкіндік беріп отырмыз», –  деді Ералы Тоғжанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...