Пробация қызметінің негізгі мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттердің орындалуларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтау болып табылады.
Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары-білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі- қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.
Солжағалау аудандық ПҚБ де кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар да есепте тұрады. Солардың қайталама қылмыс жасамауы және де қылмыстардың алдын алып сабақ болуы үшін Солжағалау аудандық ПҚБ ювеналды инспекторы есепте тұрған балалармен уақытша тергеу изоляторына кіргізіп экскурция ұйымдастырды.
А.С. Камитова, ШҚО бойынша ҚАЖД
Солжағалау аудандық ПҚБ
аға инспекторы