Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтандағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты

Танымал

Ел аузында

Елордадағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.

«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеуде»,- деп атап өтеді министрліктен.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты алдын-ала мәліметтер бойынша, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне  су тиді.

Жағдай анықталуда, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.

Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.

Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...