Сақтандырылмаса тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленбейді – министр

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сақтандырылмаған жағдайда тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленбейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қазақстанның бірнеше аймағында су тасып, малдар қырылып жатыр. «Олардың өтемақы мәселесі қалай болады?» деген сұраққа министр былай деді.

«Қырылған мал саны әзір белгісіз. Жергілікті атқарушы билікпен бірге анықтаймыз. Мәліметтерді алдағы аптада айтамыз. Ал олардың өтемақысына келсек. Сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді. Заңда қарастырылмаған», – деді министр.

Ол осы себепті мал басын сақтандыруға шақырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық...