Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

Танымал

Ел аузында

Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестіктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», – деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

БҮГІН – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бесінші қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі тойланады. Бұл айтулы дата — ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған. 1928-1929...