Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

Танымал

Ел аузында

Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестіктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», – деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...