БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар санын айтты

Танымал

Ел аузында

БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 миллион адам болғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ БЖКБ сайтына сілтеме жасап. 

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткенін мәлімдеді.

Польша шекарасынан 2 593 902, Румыния – 686 232, Венгрия – 419 101, Молдова – 410 882, Ресей – 404 418, Словакия – 314 485 және Беларусь – 19 096 босқын кесіп өтті.

Бұдан бөлек, БҰҰ БЖКБ өкілі 18-23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам келгенін айтты.

©REUTERS

БҰҰ босқындардың бір бөлігі Еуропа Одағының басқа елдеріне, мысалы, Италия, Германия, Франция, Чехияға кетіп жатқанын атап өтті. Кейбірі АҚШ, Ұлыбритания және Аустралияға барады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждая спасённая жизнь — результат системной работы

О текущей ситуации с суицидами в регионе, тревожных сигналах, на которые важно обращать внимание, и масштабной профилактической работе рассказал...